• Меню » Жаңалықтар » Мұса Шорман ауылында, жаңадан бой көтерген мәдениет ордасында "Қарттар күні" аталып өтті

Мұса Шорман ауылында, жаңадан бой көтерген мәдениет ордасында "Қарттар күні" аталып өтті

Жарияланған: 02.10.2018


Ата отыр кәріміз, 
Қуат берер дәріміз. 
Әулиедей аялап, 
Ардақтаймыз бәріміз!, - дей келе Сәтбаев ауылдық округінде Қарттар күні мерекесі аталып өтті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан  салтымыз. Осы қарттарымыздың өмірлік тәжірбиелері, ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдары біз үшін үлкен үлгі. Округке қарасты Қаныш Сәтбаев, Мұса Шорман, Көкдөнбақ ауылдарының қарияларының басын қосқан ізгілікті іс атқарылды. Мұса Шорман ауылында жаңадан салынған Мұса Шорманов Мырзаның 200 жыл толуына орай  кесенесі салынған болатын, кесенеге ақсақалдырымызды, әже-апаларымызды, апардық.

Жаңадан салынған мәдениет үйінде мерекелік бағдарлама жасалып, концерт ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылды. Ауылымыздың  әкімі Қ.Н.Амиев құттықтау сөз сөйлеп қарттарымызға  игі тілектерін айтты.

Меркелік концертке Шадыра мектеп балабақша оқу тәрбие кешенінің оқушылары бүлдіршін қыздарымыз би билеп, ұлдарымыз күй тартты, сондай-ақ  Мұса Шорман ауылының Қ.И.Сәтбаев мектебінің оқушылары концертке қатысып қарияларымызды көңілдендірді. Қарттарымыз жақсы көңіл-күймен тамаша бір әсер  алғандарын айтып, алғыстарын білдірді. «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың  орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі.

Біздің қоғамымыздағы түсіністіктің, сыйластықтың орнауында Елбасы жүргізіп отырған сындарлы-салиқалы саясатпен бірге аға ұрпақтың да үлесі бар. Мерекелік дастархан барысында ауылымыздың ақсақалы Жақтай Қажы атамыз тілек лебізін білдіріп келешек ұрпаққа ақыл кеңесін айтып, Шалабаев Әбілқасым атамыз тілегін жалғастырып, Марияш апамыз шашуын шышты.

Дастархан соңында ауылымыздың ақсақалы үлгілі ұстаз болған Шадыра мектебінің басшысы болға Қарабаев Тлеужан атамыз ас қайырып, батасын берді. Қазақта «Төрінен қарт кетпесін» дейді, жасы ұлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу-біздің ата-дәстүріміз. «Ауылында қарт болса жазып қойған хатпен тең»  осындай тәрбиеге толы іс шара тек күнтізбелік бір күнмен шектеліп қалмай тұрақты түрде жүргізіліп отырса нұр үстіне нұр болар еді. 

Сәтбаев ауылдық округінің әдіскері: Ищанов Қ.Т 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы