Мұражайға саяхат

Жарияланған: 24.10.2018


         Мектебіміздің табалдырығын алғаш аттаған шәкірттеріміз аудан орталығында орналасқан  Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың мемориалдық мұражайында саяхатта болды.  

         Баянауылдай қасиетті мекенде дүниеге келген жерлесіміз аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металло-гения мектебінің негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы  Сәтбаевтың еңбектерін, еліне жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа таныту.

         Оқушылар мұражайда  Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың  туып-өскен әкесінің қыстауының макеті,балалық шағында оқыған мектебі,үйі,киген киімдерін ,қолданған заттарын тамашалады.            

         Мұражай қызметкерлері мектеп оқушыларын   жылы қарсы алып, жас ерекшеліктерін  ескеріп, қолдау көрсетті. Оқушыларға Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметі, оның Қарағанды қаласында металлургия зауыты, Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылай секілді көптеген нысандарды игеруге еңбегі орасан зор екені айтылды. 1- сынып оқушылары мұражайды  қызығушылықпен аралап,танысып жақсы әсер алды.

Камалиева Күләш Қабылқайыровна

Бастауыш сынып мұғалімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы