• Меню » Жаңалықтар » МҚКК «Айгөлек» бөбектер бақшасында «Қош бол, жайдарлы жаз!» атты жазғы маусымның соңғы қоштасу ертеңгілігі өтті

МҚКК «Айгөлек» бөбектер бақшасында «Қош бол, жайдарлы жаз!» атты жазғы маусымның соңғы қоштасу ертеңгілігі өтті

Жарияланған: 16.07.2018


2018 жылдың 13 шілде күні «Балдырған», «Қошақан» тобында «Қош бол, жайдарлы жаз!» атты  жазғы маусымның соңғы қоштасу ертеңгілігі өтті. Мақсаты жаз мезгілінің ерекшелігін басқа жыл мезгілдерімен салыстыру, жеміс-жидек, көкөністер туралы түсінік беру, балалардың жазғы демалысын көңілді өткізуге, ойын-сауыққа қызығушылықпен қатысуға дағдыландыру.

Мерекелік іс шара жақсы өтті. Концертті ұйымдастырылғандар ән жетекшісі А.Б. Есмакаева және де іс шараны өткізуге  сайықмазақ, малвина, күн, гүл  боп киінген  тәрбиешілер балалардың көңіл күйлерін көтерді. Ең басты балалардың көңіл күйі көтерінкі болды. Ойындар ойнап, ән айтып, би билеп болған соң  бөбектер  бақшасының директоры А.С.Жантелиева «Астананың 20 жылдығына»орай ұйымдастырылған қол өнер сайысын  қортындылап, марапаттады. Ата-аналарымыз өз алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін айтты.

Жазғы демалыстарыныз көтерінкі көңіл күйде өтуіне тілектеспіз!

 

 

 

 

Оқу ісінің әдіскері:  Р.Ж.Жаминова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы