Мәңгілік-тіл, мәңгілік ел

Жарияланған: 12.09.2018


Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру  мектебінде 2-11 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған «Мәңгілік-ел, мәңгілік тіл» атты тілдер онкүндігі өтті.

Бұл онкүндікте әртүрлі іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тіліндерінде өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары түрлі іс- шаралардың өтуіне ат салысты.

Осы іс-шараға оқушыларымыз өте қызыға отырып, белсене қатысты. 

Апталықтың соңғы күні «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында жабылу кеші болып өтті.  Іс-шараның   ашылу салтанатына орай мектеп директоры Қ,Қырықбесов  тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де, тұрақты болып өрістеп дамуына үлес қосу жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатынын баса айтып өтті.

Өте белсене қатысқан оқушылар мен жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және қаламдарың ұштала берсін деген ниетпен қалам табыс етілді.  Оқушылар тілге деген сүйіспеншіліктерін ән мен жырмен жеткізді. Бұл кештің бір қуантарлығы үш тілде жүргізілді.

                                                                      Бірлестік жетекшісі П.Н.Садыкова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы