Менің жазғы демалысым

Жарияланған: 30.07.2019


Мінекей, асыға күткен жаз мезгіліде келді. Жаз мезгілін көп балалар ұнатады, сол сияқты менде ұнатамын. Неге?-десеңіз, бұл жаз мезгілінде балалар мерекесі болады және асыға күтетін лагеріміз басталады.

Әсіресе осы жылғы менің демалысым өте қызықты өтті. Оның ішінде біз Жасыбайға, Торайғырға, Қоңыр әулиенің басына тағы көптеген жерлерге саяхат жасадық. Күнде қыздармен «Орамал тастамақ», «Сақина салу» ойындарын ойнадық.

Көлге бардық, онда достарыммен су атысып ойнадым, сосын бәріміз бірге көлге түстік.Лагерде апайларымыз армансыз балмұздаққа тойдырды.Өзіме көптеген достар таптым.

Жазғы демалысымды қызықты өткізгенім үшін ұстаздарға көп-көп рахмет. Ендігі жылды асыға күтетін боламын.

 

Төлеубек Ақниет

2-сынып оқушысы

Зейтін Ақышев мектебі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы