«Мен оқыған қызықты кітап бетінен...»

Жарияланған: 27.06.2019


       Кітап - бар білім мен ілімнің, ғылым мен тәрбиенің  қайнар көзі, қайнар бұлағы.  Қазіргі уақытта заманауи техниканың даму барысында, өкінішке орай кітап оқу кейінгіге шегеріліп келеді, дегенмен де ауыл және мектеп кітапханалары кітапқа толы, кітап қорлары жыл сайын жыңа кітаптармен толықтырылп келеді,  оқимын деген оқырманның таңдауын, сұранысын орындап, керекті әдебиетін тауып береді. Кітапханашылардың басты мақсаты, міндеті оқырмандарды кітап оқуға тарту, кітаптарды кенінен насихаттау.

       Жазғы демалыс ойын – сауықтыру алаңындағы оқушыларының қатысуымен   «Мен оқыған қызықты кітап бетінен...» атты әдеби сағат табиғат аясынды өткізілді.

       Қатысқан оқушылар 8-ші сынып оқушылары Мұхамедхан Еламан, Мінап Айсұлу, Әзнасір Нұршаш, Хұмырзақ Мөлдір, Хосылбай Ақелік, 7-ші сынып оқушылары Жомарт Айгерім, Ағайын Алмас, 6-шы сынып оқушысы Аманбек Жеңіс, 5-ші сынып оқушылары Сағынтай Марғұлан, Аманбек Құрметбек, Әзнәсір Ақтілек әр бала өздерінің сүйсіне оқыған кітаптарымен таныстырып, қысқаша мазмұның айтып, келесі оқырманның әңгімесін мұқият тыңдап, өзі оқымаған кітап жайлы мәлімет алды.

        Шара барысында  насихатталып, оқылған кітаптар Б. Момышұлы «Ұшқан ұя», М. Мағауиннің, Б. Майлиннің, «Батырлар жыры», аңыздыр, ұлы адамдар жайлы аңыздыр, әңгімелер, тарихи деректер кітаптары.

         Осы өткен шараның бәрі қызықты, тартымды өтіп, қатысушыларға есте қалатындай әсер етті.

Кітапханашы: Сагынтаева Гүлзайра Мұқатайқызы

          

            

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы