• Меню » Жаңалықтар » Мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру платформасы ретінде семинарлардың жүргізілуі

Мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру платформасы ретінде семинарлардың жүргізілуі

Жарияланған: 14.03.2019


2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті заңнамаға қатысты түсіндірмелер семинар кеңестерді өткізу арқылы жүзе асыруды мақсат етеді.

Ағымдағы жылдың басынан Департаментпен мемлекеттік сатып алу заңнамасына жаңа өзгерістерге қатысты семинар-кеңестер аудандық орталықтарда (Тереңкөл, Ақтогай, Шарбакты) және облыс қалаларында  (Екібастұз, Ақсу, Павлодар).

Департаментпен мемлкеттік сатып алу туралы Заңына, сонымен қатар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесіне өзгерістердің енгізілуін есепке ала отырып негізгі сұрақтар бойынша «сұрақ-жауап» негізде семинарлар өткізілген.

Мысалы, көптеген қатысуышылар «Мемлекеттік сатып алу» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 39-бабы 3-тармағы 42-тармақшасына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қатысты қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, қатысушылармен демпингтік баға белгісін орнату, әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесін есептеу және де мемлкеттік сатып алу заңнамасының бұзу жағдайында жауапты тұлғалардың жауапкершілікке тартылу жөнінде сұрақтар қойылды.

Семинар қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарына Департаментпен жауап қайтарылған және ұсынымдар берілген.

Семинарлардың қортындылары бойынша қазіргі мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталатындығы жөнінде шешіміне қатысты хаттамалар жасалынған.

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы