• Меню » Жаңалықтар » Мемлекет басшысы Павлодардағы кабель өндірісімен танысты

Мемлекет басшысы Павлодардағы кабель өндірісімен танысты

Жарияланған: 18.07.2018


Нұрсұлтан Назарбаев «Казэнергокабель» АҚ жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Кәсіпорынның даму жолдарымен зауыттың басшысы Владимир Бобров таныстырды. Сондай-ақ Президентке ішкі және шет ел нарығына шығарылатын дайын өнім көрсетілді. «Қазэнергокабель» АҚ жылына 7 мың кабель және сым өнімдерін шығаратын отандық ірі өндіруші болып саналады. 2018 жылдың бірінші жартысында кәсіпорында 10 миллион метрге жуық кабель мен сым, 1,5 мың тонна оқшауланбаған сым және 32 тонна алюминдік созба сым өндірілді. Кәсіпорын өнімнің сапасын арттыру үшін заманауи материалдарды қолдануды жоспарлауда. Сонымен қатар, зауытта техника мен ғылымның жаңа жетістіктерін жинақтау көзделуде.

Дулат Райымбек pavlodarnews.kz

Материалдар www. www.pavlodarnews.kz веб-сайтынан алынған

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы