Мектепшілік саптық әндер байқауы өтті

Жарияланған: 08.05.2019


Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына және отан қорғаушылар күніне арналған, Отанға деген сүйіспеншілік пен отан сүйгіштікке тәрбиелеу, ұлт ерлігін сыйлау, Отанымыздың тәуелсіздігін сақтап, әлемді фашизмге қарсы қорғау мақсатында Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының алғашқы әскери дайындық мұғалімі Кошанов Нариман Жанатұлының ұйымдастыруымен 5-10 сыныптар арасында мектепшілік саптық әндер байқауын өткізді.  Байқауға 11 команда қатысты.

Балалар ұзақ уақыт бойы дайындалып, бұйрықтарды орындады, саптық әдіс қадамдарын жасады, әндер үйренді және саппен ән салу арқылы бойындағы барлық дағдыларын көрсетті!  Әділ-қазылар алқасы Баянауыл білім бөлімінің алғашқы әскери дайындық және денешынықтыру әдіскері Омаров Аслан Бүркітұлы, Қөшке Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің алғашқы әскери дайындық мұғалімі Иманбеков Қуанышбек Сиязбекұлы,  Бекмаханов атындағы  жалпы орта білім беру  мектебінің алғашқы әскери дайындық мұғалімі Тулешов Нұрдаулет Шахманович, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының мұғалімі Ажмуханов Ерлан Ерсінұлы. Шерудің соңында қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарды: 5-7сынып арасында 1 орынды 5 «ә», 2 орынды 7 «ә», 3 орынды 6«ә» иеленсе, 8-11 сынып арасында 1 орынды 9 «а», 2 орынды 8 «ә», 3 орынды 10 «ә»  оқушылары грамотамен марапатталды.  Ұлы Жеңіс күні құтты болсын.

Аспанымыз ашық, әрдайым бейбіт күн болсын!

Ш.Айманов атындағы

жалпы орта  білім беру

мектеп-интернатының

  педагог ұйымдастырушы 

Сарбасова Жанаргуль Шамкеновна

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы