Введите ваш запрос для начала поиска.

«Мектепке жол» республикалық акциясының қорытындысы

Жарияланған: 15.11.2018


2018 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтті.

Акция мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасылар және әлеуметтік қорғалмаған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша оқушыларды мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету. Олардың мектеп формасы, оқуға  қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау.

Баянауыл ауданы бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында ауылдық  округтерде 24 баннер, 55 плакат ілінді, білім бөлімінің сайтына және облыстық білім беру басқармасының сайтына хабарламалар берілді. Акция барысында 179 аула аралау, 31 рейд жүргізілді.

    Акция барысында «Логотек KZ»ЖШС-і 80 мың теңгеге 8 оқушыға, «Аллюминий зауыты» АҚ-ы 150 мың теңгеге 14 оқушыға, «Пневмоударное бурение» ЖШС-і 240 мың теңгеге 20 оқушыға, жеке кәсіпкер Камашев Қосманбек 140 мың теңгеге 12 оқушыға, «Майкаинзолото» АҚ-ы 120 мың теңгеге 10 оқушыға  мектеп формаларын, спорт формалары мен сумкаларды, кеңсе тауарларын сыйлады.

Осы іс-шараға аудан әкімдігі, барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлері, Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдар басшылары, жеке кәсіпкерлер мен маслихат депутаттары да қатысып, көмекке мұқтаж отбасыларға материалдық көмектер көрсетті. Аудан әкімдігі 3 оқушыны 34000 теңге көлемінде, аудандық маслихат 2 оқушыны25 000 теңге көлемінде, Жұмыспен қамту бөлімі  4 оқушыны 42000 теңге көлемінде, Халыққа қызмет көрсету орталығы 2 оқушыны 26 000 теңге көлемінде,  Білім бөлімі 1 оқушыны 15000 теңге көлемінде, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық кітапхана  1 оқушыны 20000 теңге көлемінде, Экономика бөлімі  2 оқушыны18000 теңге көлемінде,  «Баянтау» газетінің редакциясы 1 оқушыны25 мың теңге көлемінде, «Халық банкі» 6 оқушыға 50 мың теңге көлемінде, «Ішкі саясат» бөлімі 1 оқушыны26 мың теңге көлемінде, аудандық аурухана 1 оқушыны 20 мң теңге көлемінде, денсаулық сақтау басқармасы 2 оқушыны 25 мың теңге көлемінде, халыққа қызмет көрсету орталығы 2 оқушы 26 мың теңге көлемінде, Ішкі істер бөлімі 5 оқушыны 35 мың теңге көлемінде, төтенше жағдайлар бөлімі 1 оқушы 20 мың теңге көлемінде  қаражатқа мектеп қажетті құрал-жабдықтарымен, мектеп, спорт формаларымен, күзгі, қысқы киімдермен, аяқ киімдермен қамтыды.

Сондай-ақ барлық ауылдық округтердің  әкімдік аппараттары, ауылдық округтердегі шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер сол округке қатысты мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылар оқушыларына 20 -30 мың теңге көлеміндегі қаражатқа күзгі, қысқы киімдер алып берді.

Жалпы, «Мектепке жол» акциясы аясында аудан бойынша материалдық көмекке мұқтаж 410 балаға 5526,0 мың  теңгеге   көмек көрсетілді. Оның ішінде жаппай біліммен қамту қорынан 275  оқушыға 2278,0 мың теңге, демеушілер есебінен 289 оқушыға 3248,0 мың теңге.

Акция барысында әлеуметтік себептермен  мектепке бармай отырған оқушылар анықталған жоқ.

 

Білім бөлімі,

М.Хусаинова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы