«Мектепке жол» акциясы

Жарияланған: 03.09.2019


Дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу мақсатында «Мектепке жол» акциясы Ж.Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Жақсылық жаса» ұранымен өткізілуде.

Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығына дейін өтеді. Осы ауқымды іс-шараға ауыл мешіті мен азаматтары, ауыл әкімшілігі, ұстаздар ұжымы мүмкіндігінше қол ұшын беріп, өз көмектерін көрсетті. 13 оқушыға мектеп формасын, спорттық киім мен оқу құралдарын алып берді, ауыл имамы Аллаберген қажы Байкен Н., Байкен Р. мен Касенбекова А. спорттық киім алып берсе, ауыл әкімшілігі Адильшина М. 4 оқушы баласына  және Лупанчук Д. спорттық киіммен көмектесіп, мектеп ұжымы кеңсе құралдарын алуға демеушілік жасады. Бізге  жыл сайын қолдау көрсетіп, қол ұшын созғандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз.

З.Батабаева

Бірлік ауылы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы