• Меню » Жаңалықтар » Мектебіміздегі Зейтін Ақышев атындағы мұражайға саяхат

Мектебіміздегі Зейтін Ақышев атындағы мұражайға саяхат

Жарияланған: 23.10.2018


Тарих - туған жерден басталады, сондықтан әр тұрғын өзі тұрған елді мекенінің жері мен азаматтарының тарихы туралы білгені жөн. Сол мақсатпен үстіміздегі жылы біздің мектепте Зейтін Ақышев атындағы мұражай ашылды. Бұл шара Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылды.

22 қазан күні  бастауыш  сынып оқушылары мектебіміздің мұражайына саяхат жасады. Саяхат барысында оқушыларға мұражай меңгерушісі Тұмаргүл Сағатқызы Алдамжарова бірінші мұражай туралы түсінік берді. Оқушыларға жазушы, аудармашы Зейтін Ақышевтың өмір жолын және шығармаларын таныстырды.  

Ақышев Зейтін 1911 жылы 18 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында Далба тауы баурайында туған. Оқушылар Зейтін Ақышевтың жазушы, драматург, педагог, аудармашы болғаны туралы мағлұмат алды. Зейтін Ақышев  Омбы қаласындағы жұмысшы факультетін және Семей қаласындағы педагогика институтын тәмамдаған. 1938 - 1952 жылдар арасында мұғалім, мектеп директоры, Баянауыл ауданында, Павлодар облысы халықтық білім беру бөлімінде басшылық қызметтерде жұмыс істейді. 1952 - 1966 жылдары – «Мектеп» баспасының редакторы, редакция меңгерішісі, бас редакторы, 1959 - 1960     жылдары     «Қазақстан     мұғалімі» газетінің редакторы, ҚазСРО Кеңес Министрлер аппаратында редактор- аудармашы, 1969 - 1972 жылдары – Қазақ-Совет энциклопедиясында аға ғылыми-редакторы қызметін атқарғаны туралы  білді. Мұражайда Зейтін Ақышев шығармашылығы мен өмірі жайлы кітаптар, оның жеке заттары, кітаптары,  фотосуреттер, естеліктер жиналған.  Сонымен қатар, былтырғы жылдан бастап мектебімізде тарих пәнінің мұғалімі, өлкетанушы, журналистер одағының мүшесі Ерәділ Рымбайұлы Түсіпбаевтың ұйымдастыруымен «Нұрымтал» журналы екі тілде яғни, қазақша және ағылшын тілінде шығып жатқандығына куәгер болдық. Мұражайдың ішінде  мектебіміздің ашылған жылдардан бері  қызметін атқарған мектеп басшылары жайлы  оқушыларымыз танысты. Оқушылар мұражайға саяхат соңында естелік фотосуретке түсті. Осы мұражайға саяхат барысында оқушыларымыз көптеген мағлұматтарға тәнті болды.

Әр мектепте мұражайдың болуы- өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, мәдениетіне, біліміне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді деген ойдамын

 

«З.Ақышев атындағы жалпы білім беретін»КММ,

бастауыш сынып мұғалімі:  М.К.Омарова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы