Маусым айындағы демалысым қызықты өтті

Жарияланған: 27.06.2019


Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында  1маусымнан бастап «Тұлпар» жазғы сауықтыру алаңы ашылып, жазғы демалысым басталды.

Бірінші күннен бастап  Мәдениет үйінде болған «Балаларды қорғау күніне» арналған ойын-сауық мерекелік іс-шараларға қатысып, лагерімізді жүлделі орындарға ие болып оралдық. Жетекші ұстаздарымыз жоспарланған күнтізбе бойынша әртүрліспорттық сайыстар, тәрбиелік іс-шаралар өткізді. Атап айтсақ, «Бала-өмірдің гүлі!», «Біз қандаймыз, қандаймыз», «Рәміздерім-Мақтанышым!» викториналық сайыс, «Бұлақ көрсең көзін аш», «Ұмытылмас қызық күндер», «Судан-сақтан!!» «Балғын балалық шақ», «Туған өлкем жайнай бер», «Таза көл-таза бұлақ», «Баянның әрбір тасы сыр шертеді», «Жүректен - жүрекке», «Біз бақытты баламыз», «Ару қала - Астана», «Ең үздік топтың туы».

«Спортбіздің досымыз» демекші түрлі спорттық сайыстар, атап айтсақ, көңілді старт, футбол, пионербол, шахмат, дойбы.

Сонымен қатар, ұлттық ойындар «Тоғызқұмалақ», «Бес тас»,  «Арқан тартыс» қызыққа толы болды.

Таңертең тұра салып, лагерге барғанша асыға жүгірем.

Аудан орталығында академик Қ.И.Сәтбаев атындағы мемориалды мұражайға барып, атақты жерлесіміздің өмірбаянымен, жұмыстарымен танысып, білімдерімізді кеңейттік. Сабындыкөл, Жасыбай көлдеріне барып, «Таза көл» акциясын өткізіп, серуендеп қайттық.

Мұса-Шорман, М.Ж.Копеев  кесенелеріне барып, мұражайында болдық.

Жазғы демалысымыз өте қызықты, мазмұнды, әсерлі, есте қаларлықтай өтті. Осындай демалысты  ұйымдастырғаны үшін мектебіміздің директоры С.С.Досмағамбетова, тәрбие ісінің орынбасары Е.М.Саликоваға, лагерь басшысы Ж.Ш.Сарбасова, аға тәлімгер А.Қ.Нағымтаева және топ жетекшілері мен асхана қызметкерлеріне және автобус жүргізушісі Серік ағайға алғысымды айтқым келеді. Келесі жазды асыға күтемін.

 

 

                                                          Ш.Айманов атындағы жалпы орта

                                                білім беру мектеп-интернаты

                                                 «Тұлпар» сауықтыру лагерінің

                                                     демалушысы Сұңғатбек Ақерке

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы