Майқайың мешіті, «Ақ қайың» ҚҚ ауыспалы кубогі-2018

Жарияланған: 02.10.2018


Қыркүйек айының 29 күні Майқайың мешіті, «Ақ қайың» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Баянауыл ауданы әкімшілігі ішкі саясат бөлімі, «Имандылық» орталығының қолдауымен Майқайың кентінде шағын футболдан «Ақ қайың» ҚҚ ауыспалы кубогіне сайыс болып өтті. Облыстық деңгейде ұйымдастырылған сайыстың басты мақсаты елжандылықты насихаттау, ислам дінінің әдемілігін көрсету, ұрпақты экстремистік пиғылдардан сақтандаруда жас буынға үлгі болу.

Жарыс алдында Майқайың мешітінің имамы, «Ақ қайың» ҚҚ төрағасы Солдат.Б, Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімі “Имандылық» орталығының басшысы Сапарғалиев.С, Екібастұз футбол ардагерлері федерациясы төрағасы Абакаев.А, 63 жасар имам-футболшы Қожанов.А, Баянауыл жастар орталығының жетекшісі Илдин.Р сынды азаматтар сөз алып, ел тыныштығы туралы ойларын білдіріп және осы сайысты ұйымдастырушыларға, соның ішінде «Ақ қайың» ҚҚ құрылтайшысы Досов Ерболға үлкен рахметтерін айтты.

Сонан соң ҚР әнұранымен рухтанған футбол сүйер азаматтар таңғы сағат оннан кешкі алтыға дейін жарыс көрігін қыздырып, көрермендерді қызықты голдармен қуантты.

Жарыс қорытындысында ең көп ұпай жинаған - «Ақсу медресесі» командасы 1-орынға шығып, кубокті қанжығаларына байлады. 2-орын Екібастұз мешіті командасы, 3-орын Майқайың мешіті   командасы иеленіп, жүлдеге иелене алмаған командаларға естеліктер, үздік ойыншыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сайысқа келген қала, ауыл спортшылары барлығы ұйымдастырушылар тарапынан ас сумен қамтамасыз етілді.

Жыл сайын ұйымдастырылатын «Ақ қайың» ҚҚ кубогіне сайыс 2 рет Екібастұз қаласы, 1рет Баянауылда, 1 рет Бірлік ауылы, 4 рет Майқайың кентінде ұйымдастырылды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы