Майқайың кентінде Астана күні аталып өтті

Жарияланған: 09.07.2018


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында Майқайың кенті  күннен күнге көркейіп, іргесін кеңге жайған ауқымды аймаққа айналып келеді. Халық игілігіне арналған жаңа жұмыс орындары мен тұрғын үй нышандары бой көтеруде. Соның бір айғағы - Елордамыз  Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында жас мамандарға арналған үш қабатты  29 пәтерлі тұрғын үйдің қолданысқа берілуі.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Әзілхан Кәріғұлұлы Әбеуов жаңа пәтер иелеріне  кілттерін табыстап, қуаныштарымен құттықтады.

Салтанатты рәсімнен кейін аудан әкімінің орынбасары Әзілхан Кәріғұлұлы Әбеуовпен кент әкімі Сұңқар Нұртайұлы Ахановпен бастаған бір топ өкіл жаңа пәтерлердің ішін аралап,жаңа қоныс иелерімен тілдесіп қайтты.

Салтанатты шара мұнымен тоқтап қалмады, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. «Кенші мәдени-сауық орталағының» көрермендер залында Майқайың кенті тұрғындары мен қонақтарына арналған «Жайнай бер мәңгі-Астана» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылыды. Кенті  әкімі Сұңқар Нұртайұлы Аханов барша тұрғындарды Елордамыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, кентіміздің гүлденіп, өркендеуіне елеулі еңбек етіп  жүрген мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне алғысын айтып, Алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік концерттік бағдарлама кент жұртшылығын құттықтауға келген жас талантты қонақтарымызбен өз өнерпаздарымыздың әуезді әндерімен, күмбірлеген күйлерімен өз мәресіне жетті.

 

                                                      С.Хошорбайқызы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы