"Ұлы жеңіс жасасын!"

Жарияланған: 08.05.2019


1-ші Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында "Ұлы жеңіс жасасын!" тақырыбында мерекелік бағдарлама өткізілді.

Бұл мереке- жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген ұлы күн.Мерекелік шараға ұстаздар, оқушылар қатысты. Бағдарламада соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен майдангерлер өмірінен көрініс көрсетіліп,көрермендер қауымы көзіне жас алды.

Ұрпаққа үлгі болған Ұлы Жеңіс туралы жыр жолдары оқылса, әкеге деген сағынышты дәріптейтін монолог оқылды. Жеңіс күні туралы патриоттық әндер шырқалды. Бақыт гүлін терген күн, Ұлы Жеңіс жасасын!

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы