Введите ваш запрос для начала поиска.

Ұлттық валютамызға – 25 жыл

Жарияланған: 16.11.2018


Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта. Ол- Қазақстан Республикасы аймағында пайдаланатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Осындай ұлттық теңгеміздің құндылықтарын тереңірек меңгерту мақсатында мектебімізде 1-11-сыныптар арасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ : 5 «А»-сыныпта «Ұлттық валюта-теңге» тәрбие сағаты , 5 «Ә»-сыныпта «Ұлттық валютаға - 25 жыл» пікір-талас, 6-сыныпта «15 қараша - Ұлттық валюта күні» ойын сабағы , 7-сыныпта «Теңге – экономикалық нышаны» дөңгелек үстел, 8-сыныпта «Теңге - мемлекет келбеті» сұрақ-жауап, 9-сыныпта «Ұлт мақтанышы - теңге» дебат сабақтары өткізілді.

Ж.Ағаділов атындағы ЖОББМ

аға тәлімгер Батабаева З.Х.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы