Введите ваш запрос для начала поиска.

Ұлттық валюта – төл теңге

Жарияланған: 20.11.2018


Үшқұлын  жалпы  негізгі  білім  беру  мектебінде 1 - 9 сыныптар аралығында  « Ұлттық валюта- төл теңге» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатында  екі топ болып түрлі  тапсырмаларды  орындады.  Әр топ өздерін ұрандары арқылы таныстырды. Сұрақ қою арқылы балалар көптеген мәселелердің шешімін, жауабын таба білді.

Ақшаны табу жолында көп еңбектену керектігін балалар түсінді.

Теңгеге байланысты сұрақ - жауаптар бөлімінде  қойылған  сұрақтарға  нақты  дәлелді  жауап  берді.  

Ал бастауыш  сынып  оқушылар  арасында сынып  сағаты  Еліміздің Әнұранымен ашылды. Әр топ «Теңге» тақырыбына сөзжұмбақ құрастырып,   топтар  ұтқыр ойларымен тез  шеше білді. 

Бейнебаян көрсету арқылы балаларға көптеген мағлұматтар берілді.

Ақшаны адал еңбекпен және маңдай терімен табу керектігін түсінді. Оқушылар өз ойын толық жеткізіп,  мағлұматтар ала білді. «Төл теңге » тақырыбында өткізілген  сынып сағаты  өте қызықты және тартысты өтті.

Аға  тәлімгер  Рахимбердиева  Қ.С.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы