Введите ваш запрос для начала поиска.

Ұлттық теңгемізге 25 жыл

Жарияланған: 15.11.2018


Ғасырлар тоғысындағы алмағайып кезеңде пайда болып, жаңа ғасырда жаңа реңк алған төл теңгеміздің шығуы –қазақ елінің тәуелсіздігінің тағы да бір ерекше белгісі. Теңгеміз – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ел Президентінің Жарлығымен 1993 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні болып аталып келеді.

Төл теңгеміздің 25 жылдығына орай, Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 1-10-сынып оқушылары арасында «Ұлттық валюта-теңге» атты тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. 8-10-сыныптармен «Теңге – тәуелсіздік символы» тақырыбында ақпараттық –танымдық викторина жүргізілді. Негізгі мақсаты, Қазақстанның ұлттық ақшаға көшу тарихын, оның маңызын түсіндіріп және ақшаның пайда болу тарихын, өз ұлттық теңгеміздің айналымға қалай кіргенін, кімдер жасағаны туралы айтылды. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі жайлы кеңірек ақпарат берілді. Бұл сайыстың ерекшелігі, үш тілде өтілуі болды.

       Сонымен қатар, мектеп кітапханасында «Қазақстан ұлттық ақшасы-теңге» тақырыбында көрме  құрылды, көрмеге басқа ел ақшалары мен монеталары да қойылды.

Оқушыларымызды Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтанышпен қарайтын еліміздің патриот ұрпағы етіп тәрбиелеу.

ДТІЖО:   Абишева Л.Т

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы