Введите ваш запрос для начала поиска.

« Ұлттық теңге мәртебесі »

Жарияланған: 16.11.2018


Оқушыларға ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау мақсатында Қаражар  жалпы негізгі білім беру мектебінде «Ұлттық теңге мәртебесі» тақырыбында  танымдық сабақ өтті.

     Тәуелсіз еліміздің  ең  бірінші  айрықша белгісі  теңгемен тереңірек  таныстырылып, арнайы шағын көрме, баяндамалар оқылды.
    Танымдық тәрбие сағатынан біз ұлттық теңгенің жалпы тарихымен оның маңыздылығын, қай уақыттан бастап айналымға шыққандығын, оның төл авторларының өмір-тынысымен, алғашқы банкноттар жайлы толық мәліметтер келтіре отырып, көптеген деректерге қанық болдық. Танымдық тәрбие сағатына белсене қатысқан  5- сынып оқушыларына  алғыс  айтылып, құрмет көрсетілді.

Қаражар ауылы,

Б.М.Ахметова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы