Логопедтік пунктің ашылуы

Жарияланған: 10.10.2019


       2019 жылғы 9 қазан күні Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентіндегі әкімдіктің ғимаратында мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін  логопедтік пункт  ашылды. Осы логопедтік пунктің ашылуы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар тәрбие мен оқытумен қамтамасыз етіледі, бүлдіршіндердің мектепке дайындығын, мектеп жасындағы балалардың денсаулығын жақсартады, сонымен бірге  жаңа жұмыс орындары болады.

         Майқайың кентіндегі барлық балабақшаларынан, мектептерден 30-40 бала барады. Логопедтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі формасы баланың сөйлеу қабілетін дамыту. Баланың жас ерекшелігі және қойылған диагнозына, жұмысқа икемділігіне байланысты жеке сабақтарды оқытудың ұзақтығы 15-40 минутты құрайды. Мамандар күнде әр баламен жеке жұмыс атқарады. Жұмасына бір рет топтық жұмыс ұйымдастырады. Логопед Аяжан Қаныбекқызы Құлғожа, дефектолог Татьяна Владимировна Нефельд, Дария Маратқызы Сағындық балалармен тыңғылықты, сапалы жұмыс атқарады.

        Балалар үшін барлық жағдай жасалған. Балаларды дамыту қабілетін арттыру үшін мамандар арнайы бағдарламамен жұмыс атқарады.

Мәншүк Тынысқызы Шумақова,

Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскері.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы