«Латын әліпбиі» – рухани жаңғыруымыздың темірқазығы

Жарияланған: 28.06.2019


          Үшқұлын ауылдық және мектеп кітапханалары біріге отырып жазғы демалыс ойын – сауықтыру алаңындағы оқушыларының қатысуымен  мәдени іс – шаралар өткізуде.

         «Латын әліпбиі» – рухани жаңғыруымыздың темірқазығы» атты дөңгелек үстел 5-8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе.

          Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын. Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды.

          Қатысқан оқушыларға  латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін жәнеқазақ әліпбиін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы тұжырымдамасына сәйкес латын әліпбиінің тиімділігін және оның біздің болашағымыз үшін маңызы түсіндіріліп, қатысушылар ортаға өз ойларын салып, талқалады, іс – шара барысында  латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталып,   қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатындарына сенім білдірд         

Кітапханашы: Сагынтаева Гүлзайра Мұқатайқызы

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы