Кәсіподақ және жастар

Жарияланған: 21.10.2019


Ұстаз бір ғана мамандық иесі емес, ол  бойына сан өнерді тоғыстырған, үнемі ізденіс үстінде жүретін ерекше тұлға. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулесі, бағыт-бағдарсілтеушісі, қоғамның жас өркеннің болашағын танып-білуіне жағдай туғызатын сенімді өкілі. "Ұстаз болу- жүректің батылдығы"-деген дана сөздің астарлы мағынасы осында жатса керек.

Олардың қатарын толықтырып келе жатқан жас мамандардың өзіндік ізі бар. Осыны ескеріп Баянауыл аудандық кәсіподақ ұйымының бастамасы мен жас педагогтермен жиын өтті. Кәсіподақ ұйымының жас мамандармен жұмыс жасаудағы мақсаты жастардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, жастарға әлеуметтік және еңбек қатынастары, білім беру және кәсіптік білім беру саласындағы өз құқықтары туралы мәлімет беру, жастарды ұжымдық іс-әрекеттерге, ынтымақтастық акцияларына үнемі қатыстыру, жастарды кәсіподақтар қатарына тарту болып табылады.

Айнагүл Жанатовна, Баянауыл аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы:

- Кәсіподақ ұйымдарының жұмысы барлық саланы қамтиды. Оның ішінде қоғамның негізгі күші жастар. Біз жастар мен жұмысты жандандыруымыз керек. Өйткені, олар қоғамның барлы қбағытында еңбекетеді.

Жиын барысында жұмысқа келгеннен кейінгі мәселелер, соның ішінде құқықтарын, міндеттерін жұмыс беруші тарапынан жасалатын олардың міндеттері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Жиын жастардың көшбасшылық қабілетінің арта түсуіне жол ашып, жас буынның ел дамуына қолғабыс жасауына бағытталды. Жастар түрлі тақырыптар аясында ой-пікір алмасып, диалог алаңын қыздыра түсті.Жиын соңында жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.

Кез-келген маман өз құқығын қорғай білуі керек. Ал бұл істе оған құқықтық қолдау танытатын орта – кәсіподақ. Өйткені ұйымның еңбек ортасына енді ғана бейімделе бастаған жас үшін маңызы зор.Қай қоғамда да өзіндік атқаратын орны бар кәсіподақ ұйымы бүгінде заман талабына орай ізденістер үстінде.

 

Майқайың  музыка мектебінің бастауыш кәсіподақ

ұйымының мүшесі Хабдраш Ғалия Хархууқызы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы