Көптен күткен кездесу

Жарияланған: 12.07.2019


1977 жылғы мектеп түлегі Рыспанов Нұрлан Бектасұлы өз білім алған білім ордасына келіп құрмет көрсетті.

Нұрлан Бектасұлы Рыспанов-Қазақстан Республикасының Ұлттық Тау-кен Ғылым Академиясының Президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі, "Қазатомпром" ұлттық атом компаниясының вице-президенті, техникалық ғылым докторы, дәстүрлі мектеп олимпиадасының демеушісі.

Ұстаздарымен емін-еркін сырласқан Нұрлан Бектасұлы сыныптарды аралады, алғаш отырған партасына отырып, балалық шағын, өмірдің қызықты сәттерін тебірене еске алды.

Нұрлан ағамыздың бастамасымен мектебімізде қаңтар айынан Ә.Марғұлан атындағы археологиялық үйірме ашылды. Үйірме оқушылары маусым айында ПМПУ-нің Марғұлан орталығымен бірлесе Торайғыр ауылында болған археологиялық қазба жұмыстарына қатысты. Бұл мектебіміздің оқушыларына ғылыммен айналысуға жақсы бастама болды. Бұның бәрі Нұрлан ағамыздың арқасы деп білеміз.

Сондықтан бүгінгі кездесуде Нұрлан Бектасұлы оқушылармен үйірменің атқарылған жұмыстары бойынша әңгіме жүргізді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы