«Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария»

Жарияланған: 30.09.2019


      «Қариясы бар елдің дариясы бар» демекші, қарттардың ақыл-парасаттылығына кейінгі ұрпақ – біз әрдайым мұқтажбыз. Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария іспетті. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қариялардың да білетіні соңдай терең. Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген.  Ардақты  да құрметті қариялардың  орны – төр, қатары – алдыңғы сапта.

        Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды  күздің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Көп жасаған қария-ақылы теңіз дария» атты  Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 6 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Альжанова Кенжегуль Балтажановна, Айтан Нүргүл Айтбайқызы ұйымдастырған мектепішілік мерекелік шара өтті. Атаулы шараға ауданымыздың ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар менақ жаулықты әжелер қатысты.Қасиетті қарияларды мерекесімен құттықтай отыра,мектеп-интернат директоры Досмагамбетова Салтанат Сейтжановна ізгі тілегін айтып, «Төріңнен қарт кетпесін» деп ақ ниетін білдірді.

      Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген.  «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» бөлімінде 1-шы сынып оқушылары өз өлеңдерін оқып,ән шырқады.

       Шара барысында көркем сөзден,биден,әндерден шашу шашылды.

       Кеш соңында Алладан бейбітшілік тілеп, жүздесуге келген оқушыларға Балғабай ата ақ батасын берді.

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім 

беру мектеп – интернатының 

ата-анасы Сапабекова Мейрамгүл 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы