• Меню » Жаңалықтар » Коронавирусқа байланысты сұрақтарыңызға Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жауапты алуға болады

Коронавирусқа байланысты сұрақтарыңызға Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жауапты алуға болады

Жарияланған: 30.03.2020


Қазақстандықтар коронавирусты жұқтырғаны расталған жағдайдан кейін халық арасында алаңдаушылық айтарлықтай өсті. Осындай маңызды кезеңде ағзаңызды мүмкін болып қалатын жұқтырудан сақтану және алдын-алу үшін барлық шараларды қабылдау қажет.

Бұрын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Бірыңғай байланыс орталығына күніне шамамен 1500-2000 қоңырау келіп түсетін болса, ал қазір олардың саны 3 есеге артты - күніне 6 мыңғадейін.

1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсаулығын нығайту және өзінің ағзасын қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда әрекеттер жасау бойынша кеңес беру дайндығынан өтті.

«Байланыс орталығы қажетті алдын-алу шаралары және вирустан қорғану бойынша кеңес беру үшін жұмыс істейді. Операторлар сонымен бірге сырқатталып қалған кезде қайда бару керектігін, қандай симптомдарға назар аудару керектігін, қайда талдауларды (анализдерді) тапсыруға болатындығын түсіндіреді»- деп «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ тың Павлодар облысы бойынша директоры Н.К. Қасымов айқындады. «Үкімет пен уәкілетті органдар қабылдап жатқан халықты қорғауға бағытталған шараларға түсіністікпен қараған жөн. Қоғамдық орындарға бару өз денсаулығыңа ғана емес, жақын адамдарыңызға да қауіп төндіретінін түсіну керек. Әр азамат саналы түрде дәрігер ұсынымдарын орындау қажеттілігін түсіндіруі тиісті», – деп сұхбат беруші қорытындылады.

Естеріңізге сала кетейік, өз сұрақтарыңызды 1406 операторларына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы да жолдауңызға болады. Жолданымға тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз.

 

«Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

Павлодар облысы бойынша

филиалы

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы