Кең даланың символы –киіз үй

Жарияланған: 25.10.2018


      Қазақстан хлқы Ассамбдеясы Қазақстан Республикасы Президетінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі ҚХА-ның ХХҮІ сессиясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, қазақ халқының құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасының аясында әртүрлі форматтағы шаралар мен жобаларды жүзеге асыруда.

     Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес шаралар мен жобалардың басым бөлігі ұлттық салт-дәстүріміздідің төңірегінде өскелең ұрпақты ұйыстыруға бағытталып отыр.

     Осыған орай, балалардың ойлау жүйесін дамытып, ұлттық болмысты, бабалар рухы мен қоршаған кеңістікті  толықтай сезініп өсулері үшін Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының  оқушыларына «Этноконструктор» атауымен шағын киіз үй сатып алынды.  Аталған киіз үйлердің жаһандану дәуірінде бүлдіршіндерді ата дәстүрден ажыратпай,  ұлттық болмысқа сай тәрбиелеу ісінде аса маңызы зор.

     Киіз үй баршаға мәлім болған ұлттық нақыштағы қазақ үйдің кіші баламасы. «Шаңырақ» облыстық кешенді жоба  аясында мектебіміздің даярлық сыныныбының ұстазы Мұсабекова Тұрсын Тәңірбергенқызы кішкентай бүлдіршіндерге «Этноконструктор» аттты шағын киіз үйге байланысты таным сабағын өткізді. Осындай игі шаралар жалғасын табады.

 

 

 

Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының

 директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

 Саликова Елмира Мергенбайқызы

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы