«Jen’is ku’ni»

Жарияланған: 13.05.2019


    Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 74 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке.

      2019 жылдың мамыр айының 9-жұлдызында Бірлік ауылындағы мәдениет үйінде «Жеңіс күніне» арнап мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара мектеп ұжымы тарапынан ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

      Ұйымдастырылған  мерекелік бағдарлама  барысы өте жоғарғы деңгейде өтті. Мерекелік концерт Ұлы Отан соғысына қатысып оралған және оралмаған ардагерлерімізге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою арқылы басталды. Жалпы бағдарлама бойынша, көрермендерге әсерлі көрініс пен қысқартылған түрлі маңызы зор видеороликтер көрсетіліп, монолог оқылды және ән мен әуендік хормен қатар, әскери би қойылымдары көрермендер назарларына ұсынылды. Аталмыш көріністер, видеороликтер арқылы өскелең ұрпақтың сана-сезімдеріне патриоттық сезім алауы ұялады. Еліміздің басынан өткен біршама қиын кезеңдер мен ауыр жылдардың болашақтағы бағдары – жаңа буын  мен жас ұрпақ екендіктерін ұғындыра білді! Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекеде айқын көрініс тапты.

Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандар!

Жас тілші,

Нескенова Амина,

Бірлік ауылы

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы