«IQANAT» республикалық олимпиада

Жарияланған: 19.12.2018


2018 жылғы 14 желтоқсан күні  Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының базасында  дарынды, қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, оқушылардың математика,физика, ағылшын тілі және өдебиет сияқты пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру мақсатында    «IQANAT» республикалық олимпиада өтті.  

Олимпиадаға ауданымыздан 60 оқушы қатысты. Олимпиаданың ашылу салтанатында білім бөлімінің басшысы Асылхан Манарбекұлы Мүбәрак құттықтау сөз сөйлеп, «IQANAT» республикалық олимпиаданы облыстық үйлестірушісі Тамара Никалаевна Иванова олимпиаданың мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, слайд көрсетті. Оқушылардың сауалдарына жауап бере отырып, олимпиада қатысушыларына сәттілік тіледі.

 

М.Т.Шумақова

білім бөлімнің әдіскері

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы