• Меню » Жаңалықтар » Инфекция Баянауыл ауданын айналып өтпеді. Ауданда коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы анықталды.

Инфекция Баянауыл ауданын айналып өтпеді. Ауданда коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы анықталды.

Жарияланған: 22.05.2020


2020 жылдың 21 мамырындағы жағдай бойынша COVID-19 Баянауыл ауылының екі тұрғынында тіркелді. 1961 жылы туған әйел адам және 1959 жылы туылған ер адам. Барлық науқастар Павлодар қалалық ауруханаларының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жіберілді.

Барлық байланыста болғандар анықталды.  Ұлттық санитарлық эпидемиологиялық  зерттеу орталығы мамандарының күшімен ошақта қорытынды дезинфекция жүргізілді. Барлық байланыста болған тұлғалардан вирусологиялық зертханаға сынамалар алынды. Барлық қажетті эпидемияға қарсы шаралар толық көлемде жүргізілуде. Қажетті күштер мен әрекет ету қызметтері жұмылдырылған.

Оқшауланған отбасыға аудандық "Жастар орталығы", "Nur Otan" партиясының Баянауыл аудандық филиалының өкілдері азық-түлік жиынтығын апарып, көмек қолын созды.

Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Солардың бірі Баймағамбетов Теміржан Қайроллаұлы бүгін Баянауыл ауданы Бірлік ауылында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға азық-түлік жиынтығын таратты. Бірлік ауылының әкімі Айдос Аманжолов көмек көрсетілген отбасылар атынан алғысын білдірді. Халқымыздың қанына сіңген игі істің  сауабы мол болғай демекпіз.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы