«Гепатит ТОҚТА!»

Жарияланған: 06.08.2019


Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне орайластырылған «Гепатит ТОҚТА!» Ұлттық бағдарламаны іске асыру шеңберінде 23 шілде - 21 тамыз аралығында айлық өткізілуде.

Осыған орай, Баянауыл ауданданында салауатты өмір салтын ұйымдастырушы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда «Еркетай», «Қуаныш» бала бақшаларында, «Жас Дурен» балалр демалу лагерінде, сонымен қатар сұлулық салондары, тіс емдеу орталығында және т.б. жұмысшылары арасында тақырыбында семинарлар мен кездесулер өткізілді,

Кездесу барысында вирустық гепатиттер, олардың жұғуы мен таралуының алдын алу бойынша шаралар, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әрбір адамның өз денсаулығы мен балалардың денсаулықтарына ортақ жауапкершілікті қалыптастыру туралы және - Вирустық гепатиттер, алдын алу әдістер және өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және  вакциналаудың қауіпсіздігі мен одан бас тартудың салдары туралы ақпараттандырылып, тұрғындарға қызмет көрсету барысында тазалық нормаларын сақтау, құралдардың тазалығын қадағалаудың қажеттілігі туралы айтылды.

«Гепатит ТОҚТА!» атты кездесу барысында – 166 адам қамтылып, соның ішінде 126 бала, 44 ересектер. 96 жадынама, ақпараттық оқу-ағарту материалдары таратылды.

 

                                        СӨС ұйымдастырушы Танибаева Т.Ж

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы