• Меню » Жаңалықтар » Еуразиялық одақтың заңдылық алаңында тауар белгісін пайдалану

Еуразиялық одақтың заңдылық алаңында тауар белгісін пайдалану

Жарияланған: 09.08.2018


Еліміз 2015 жылдан қадам басқан еуразиялық экономикалық одақ – әлемдегі ірі тұтыну нарықтарының бірі. Бұл – энергия ресурстарының ірі экспорттаушысы болып саналатын интеграциялық бірлестік. Елбасының сөзімен айтсақ, ХХІ ғасырдың жаңа геоэкономикалық ақиқаты дүниеге қадам басты.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының 1 бабына сәйкес келесі ұғымдар берілген:

- тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану - тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде және (немесе) олардың бумасында қолдану, тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердiң атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгiзу;

- тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі - осы Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға.

Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.

Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құқықтық қорғалмайтын тауар белгісі ретінде пайдаланылатын, бірақ белсендi пайдалану нәтижесiнде Қазақстан Республикасында кеңiнен мәлiм болған белгiлеме Қазақстан Республикасында жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісі деп танылуы мүмкiн.
      Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпы жұртқа белгiлi деп тану жөнiндегi жеке немесе заңды тұлғалардың өтiнiшiн уәкiлеттi органның тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп тану жөнiндегi комиссиясы қарайды.

Ендігі мәселе – осынау жаңа жағдайдағы тың мүмкіндіктерді Қазақ елінің мәңгі мүддесі тұрғысынан барынша тиімді пайдалана білуімізде.

 

М.Катарова,

Баянауыл аудандық әділет басқармасының бас маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі. 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы