Введите ваш запрос для начала поиска.

«Еркін тыныс ал!»

Жарияланған: 15.11.2018


Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруына қарсы күрес күніне арналған «Еркін тыныс ал!» Ұлттық бағдарламасы аясында 2018 жылғы 15 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде шаралар өтті.

Мектебіміздің медбикесі Қ.Н.Изотпекова бастауыш сынып оқушыларына «Мейірімді Ауа туралы» әңгіме оқыды. Бұл әңгіменің мақсаты: балаларды ауаның қасиеттерімен және адам өміріндегі рөлімен таныстыру, ауаның жердегі барлық тірі өмір сүруші жандардың тіршілік жағдайы үшін маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру еді.

Мектептің сорт нұсқаушысы Б.С.Акишев «Тыныс алу гимнастикасы» спорттық іс-шарасы аясында «Раушан мен бақбақ» жаттығуын жасатты. Шара соңында оқушылар флешмоб билеп, жақсы әсер алды.

 

Әлкей Марғұлан атындағы ЖББОМ

Бейсенова Гульсум Талгатовна

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы