Еркін күресте сыналды

Жарияланған: 25.05.2019


Баянауыл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен 2004-2009 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында еркін күрестен аудандық турнир өтті. Турнирді ұйымдастыруға еркін күрес және грек-рим күресінен жаттықтырушы Қасым Иманбай мұрындық болды.

Тартысты өткен бәсекелерде ұлдар арасында 20 келіде бірінші орын Арғын Әбіловке, екінші орын Сұлтан Манарбекке, үшінші орын Рустам Омаровқа бұйырды.

24 келі салмақта бірінші орынды Ұлан Тәңірберген жеңіп алды. Екінші орын Мейіржан Оразымбетға, үшінші орын Әкімбек Саябек пен Ерік Сарбасовқа бұйырды.

26 келіде бірінші орынға Аңсар Қайролла ие болды. Екінші орынды Асанәлі Оразалы, үшінші орынды Аңсар Жетпісбаев пен Дәурен Мәдениет алды.

29 келі салмақта бірінші орынға Мақсат Рустанбек қол жеткізді. Екінші орын Қуаныш Жақановқа, үшінші орын Арафат Хамит пен Ернұр Қабиға бұйырды.

33 келіде бірінші орынды Ілияс Жанболат, екінші орынды Ойрат Еркін, үшінші орынды Имран Тян мен Дарын Қуан иеленді.

 35 келіде бірінші орын Нұрастана Егінтайдың қанжығасында кетті. Екінші орынды Ернұр Шаханов, үшінші орынды Нұрислам Ташмағамбетов пен Мәуіт Нұрмұхамбет алды.

38 келіде бірінші орын Дастан Шегендіктің, екінші орын Жоламан Даниярдың, үшінші орын Ерасыл Елемес пен Әділет Қошановтың еншісінде.

41 келі салмақ дәрежесінде Нұртас Райымбек барлық қарсыластарынан басым түсті. Расул Тасболат екінші, Ерсайын Сағынтаев пен Алексанад Тарсенко үшінші тұғырдан көрінді.

44 келіде бірінші орын Дияс Абетовке, екінші орын Айдарбек Қабдоллаға, үшінші орын Әбен Омар мен Таңатар Ыдырысқа бұйырды.

48 келі салмақта Дәулет Қуандық жеңімпаз атанды. Қалған орындарға Жолдасбек Қанат, Абдурасул  Оразалы мен Ілияс Матай ие болды.

52 келіде бірінші орынды Сымбат Нұрланұлы, екінші орынды Еркін Аужан, үшінші орынды Әлішер Баязитов ұтып алды.

Ал, қыздар арасында бірінші орын Карина Дяченкоға, екінші орын Аружан Мұхтароваға бұйырды.

Аталмыш турнир жеңімпаздарына «Нұрбол» сауда үйінің демеушілігімен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Бекзат БАЙДҮЙСЕН,

Баянауыл ауылы.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы