«Eń úzdіk ádіsteme-sheberlіktі shyndaý»

Жарияланған: 21.12.2018


       2018 жылғы 20 желтоқсан күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектеп базасында «Ең үздік әдістеме-шеберлікті шыңдау» тақырыбында аудандық семинар өтті.

       Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны: оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың тиімділігін практика және тәжірибе барысында көрсету.

Семинарға Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп  директорының бейінді-эксперименттік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ж.Көпеев және Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері,  аудан мектептерінен химия, биология, физика, орыс тілі, қазақ тілі, бастауыш сынып  мұғалімдері қатысты.

      Назарбаев зияткерлік  мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі А.С.Қуатова  мен №1 Майқайың мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Жұлдыз Дәулетбек 5-сыныпта «Хобби» тақырыбында командалық сабақ өткізді. Орыс тілі пәнінен НЗМ-нің орыс тілі пәні мұғалімі Г.Г. Аужанова мен №1 Майқайың мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі А.Б.Серкебаева  6-сыныпта «Достопримечательности Казахстана» тақырыбында командалық сабақтарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Биология пәні бойынша «Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері» тақырыбында НЗМ-нің  мұғалімі М.С.Аутаев  пен №1 Майқайың  мектебінің биология пәні мұғалімі Р.Б. Беремжанова командалық сабақ көрсетті.

      Қазіргі таңда оқушыларға физика, информатика, химия-биология пәндерін ағылшын тілінде оқытылуы басты назарға алынып отыр. Үштілділікті енгізу мақсатында  №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің физика пәні мұғалімі Ә.Ж. Дуан «Үйкеліс күші.Үйкеліс әрекетін техникада ескеру» тақырыбында 8-сыныпта  сабақ өткізіп тәжірибесімен бөлісті. Химия пәнінің мұғалімі Г.Г.Сүлейменова  8-сыныпқа «Оттегінің, алынуы, қасиеттері, қолданылуы. «Сутек  пероксидінің  ыдырауы» тақырыбында, сонымен қатар 8-сыныпта  биология пәнінен «Тыныс алу және тыныс шығару механизмі» А.Ы. Айтпаева мен ағылшын тілі мұғалімі Ә.С. Зайрбаева өз  тәжірибелерін ұсынды.

      №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің пилоттық жобадағы  4-сынып мұғалімдері де өз тәжірибелерін ұсынды. Жаратылыстану  пәнінен Г.Т.Сүлейменова  «Су ерткіш пе?» тақырыбында, қазақ тілінен  «Қосарлама қос сөздер» тақырыбында Ж.Е.Мұратова, әдебиеттік оқу пәнінен «Дәрігер – ең құрметті мамандық» тақырыбында  А.М.Оразбаева, орыс тілі пәнінен А.А.Арынжанова  «Главная профессия» тақырыбында, әдебиеттік оқу пәнінен «Ақын болу» тақырыбында А.Қ. Жақсыбай  және  ағылшын пәнінен «Jobs» тақырыбында Г.Е.Әбенова Г.Е. сабақ беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

       Семинар, практикум кезеңінде НЗМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С. Қуатова «Мұғалімдердің  кәсіби қиындықтарының картасын әзірлеу»,   биология пәнінің мұғалімі М.С.Аутаева «Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқушылардың зерттеу қабілеттерін дамыту» ,№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп тренері  А.Б.Ботаева «Мақсатқа жетуді жоспарлау және мақсатты бағалау»,  «Мұғалімнің тәжірибесіндегі рефлексия құралдары» тақырыбында  НЗМ орыс тілі пәні мұғалімі Г.Г. Аужанова, НЗМ  директордың бейінді-эксперименттік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ж.Көпеев «БЖБ, ТЖБ өткізу» тақырыбында  практикум жұмыстарын және  №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, мектеп тренері  Б.Р.Шокина «Iesson study» сабақты зерттеу  әдісі бойынша семинар-практикумда сабақ үстінде мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушының іс-әрекетін зерттеу жұмыстарын  жүргізудің тиімді жолдарымен таныстырды.

         Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары А.Д.Хакимова, Г.Т.Сулейменова «Бастауыш және негізгі мектеп: бірізділікке жол» тақырыбында фасилитацияланған сессия өткізді. Іс-шара мақсаты: бастауыш және негізгі мектептерінде бірізділіктің түйінді мәселелерін талқылау және шешу болып табылады. Фасилитацияланған талқылау барысында мұғалімдер оқушылардың бастауыш мектептен негізгі мектепке көшуіне байланысты бірізділік үдерісінің ұйымдастыру маңыздылығы жайлы өз пікірлерін ұсынумен қатар, оқушылардың 5-сыныпта сәтті бейімделудің тиімді тәсілдерін анықтады. «Фасилитация» әдісін пайдалану топтық жұмыстың тиімділігін арттыру, қатысушылардың іс-әрекетке тартылуы, қызығушылықтарының артуына, сонымен қатар, әлеуеттерінің барынша ашылуына ықпал етті. Қатысушылар кері байланыстарында жаңа оқу жылында одан әрі жұмыс істеу үшін мақсаттар мен міндеттерді анықтауға ықпалын тигізген таңдалған тақырыптың өзектілігі мен фасилитацияланған сессияның пайдасын атап өтті.

       Семинардың қорытынды кезеңінде қатысушылар кері байланыс арқылы туындаған  ойларымен бөлісіп,  ұсыныстарын білдірді.

 

 

                                                                                                                                       А.Д.Хакимова

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы