Введите ваш запрос для начала поиска.

Елін сүйген Елбасы

Жарияланған: 30.11.2018


1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл-еліміз үшін мәртебелі мерекелердің бірі. Себебі, Нұрсұлтан Назарбаев – түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ та­рихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы.

Тұңғыш Президент күні - Елбасымыздың  айбынын, Алаштан туған айбоз ұлдың даралығын, даналығын танытып,  мерейін үстем етіп, кемел келешекке үлгі болары хақ.     

Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінде де  Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы« атты меркелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға барлық мектеп оқушылары, ұстаздар қауымы аса  зор жауапкершілікпен қарап, белсене қатысты.

Іс-шара барысында мектеп есігін биыл ашқан бүлдіршін балалар Елбасымыз туралы өлең жолдарынан жырмен шашу шашып, жоғары сыныптың  оқушылары патриоттық сарындағы әсем әнмен көңіл тербеді.

Мерекелік іс- шарада «Сүйемін сені Қазақстан», «Нұраға» әндері шырқалып көрермендерге жақсы көңіл күй сыйладыү Сонымен қоса, оқушылар Елбасының өмір баянынан сыр шертіп,  Нұрсұлтан Назарбаевтың дара тұлғасын таныта білді. 

Мектеп оқушылары іс-шара барысында ел басқарып, жемісті еңбек етіп келе жатқан Президенттің ұлан -ғайыр қызметі туралы өрелі ой түйіндеді.Елбасы – бүгінде елдігіміздің символы, бірлігіміздің алтын арқауы. Елбасын тану – елтанудың, мемлекеттанудың енші бөлінбес бөлігі.  

 

 

Үшқұлын жалпы негізгі білім беру

мектебі педагог-психолог:Каби А.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы