Введите ваш запрос для начала поиска.

«ELIMNIN BASY – ELBASYM»

Жарияланған: 27.11.2018


       Тұңғыш президент күні 2011 жылды 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке. Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр.

      1991 жылдың  1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында президент сайлауы болып өтті. Міне, осынау тарихи күні қазақтың маңдайына Нұрсұлтандай ұлт перзентін жазды. Біздің еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуы аянбай еңбек еткен басшымыздың арқасы екенін бүгінде баршамызға аян.Бұл мерекенің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады.

     1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс.

      Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп – интернатында музыка, вокал, көркемдік жетекшілері  Мардан Көркем Тауфикқызы, Айтмаганбетова Кокенай Васильевна, Садыкова Айнур Олжашовна, Айтмаганбетов Олжас Тасболатович, педагог ұйымдастырушы Сарбасова Жанаргуль Шамкенвна ұйымдастыруларымен 1 – желтоқсан Тұңғыш  Президент күніне орай «ELIMNIN BASY – ELBASYM» тақырыбында мерекелік шара өткізді.шараның мақсаты:  Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.  Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру, Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының 

директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

Саликова Елмира Мергенбайқызы

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы