• Меню » Жаңалықтар » Электро энергияны ұрлау: қосылу, табылуы, қайта есептеу...

Электро энергияны ұрлау: қосылу, табылуы, қайта есептеу...

Жарияланған: 31.07.2019


Азаматтардың көбіне «тегін» электр энергиясын табу әдеттегі іс боп табылады. Біреулері оны өзі істесе, басқалары көнгіш электрші арқылы жүзеге асырады. Бірақ, шындық осында, заңсыз энергия ағыны пәтерлерге, үйлерге, тіпті ұйымдарға жеткізіледі.

Электро энергияны ұрлау тәсілдері әжептәуір көп. Оларды «бетке» білсе, олардың орындалуының ерекшеліктері туралы нақты түсінік болған кезде, электро энергияны ұрлауды табу оңайға түседі.

Жосықсыз меншік иесіне электро энергия үшін әжептәуір шығындарды азайту, немесе мүлде төлемеудің негізгі «схемаларына» мыналарды жатқызуға болады:

· электр есептегіш қосылған схемадағы нөл сымы гимараттың су тартқыш, темір арқау және т.б. жерлендірілген құрылмасына атқарымдық ауыстырылады.

· схемадан алып тастау мақсатында, электр есептегіш алдындағы тармаққа бөлек желі жасау арқылы.

· электр есептегіш алдындағы «нөл» мен «фазаны» орындарымен ауыстыру арқылы есептеу құралын «қері жаққа» жұмыс істеуді мәжбүрлеу.

· әр түрлі құрылғы мен құралдарды қолдану арқылы электр есептегіш «кері жаққа» жұмыс істеуді мәжбүрлеу.

· жоғары қуаттағы магнитті қолдану арқылы электр есептегіштің механизміне әсер етіп, электр энергия есептеуді тежеу немесе мүлде тоқтату.

· диск электр есептегіштерге, әсіресе қолданатын механикалық ықпал жасау. Мысалы, құралдың тұрқында, аса көзге түспейтін жерінде, айналып тұратын дискінің деңгейінде, бұрғылап елеусіз тесік жасалады, оның ішіне сіріңке (ине) салынып, есеп құралының жұмысын тежейді немесе тоқтады.

Осы уақытта, нақты айтқанда электро энергияны ұрлау фактілерін анықтау және оған жол бермеуге қатысты энергияберуші ұйымдарымен электро энергияны ұрлауға қарсы барлық шаралар қолданылады. Электро энергияны ұрлаудың сан түрлі тәсілдерін ескере отырып, осындайларды табу әдістері анықталған:

· тұтынушылар топтары, бағыттары мен жеке тұтынушылар жүктемелері мен соммалары жалпы есептегіштердің көрсеткіштерін жүйелі салыстыру;

· электр есептегіштің айдан айға біркелкі төмен көрсеткіштерін анықтау – бәлкім тұтынушы алдын ала өзіне төлейтін көлемді анықтап, электр энергияны «ұрлап жүр»;

· есеп құралдарының қосылу схемасын тексеру;

· есеп құралдары мен оларға қосылатын желілерді көзбен байқау арқылы, электро жабдықтау айналма желілерін, нөлдік пен фазалық сымдарды ауыстыру, есеп құралдарды механикалық тежеуді немесе тоқтатуды болдырмау;

· тұтынушының үй-жайын көзбен тексеру барысында, аумақты электр құралдарына, трансформаторларға, қосымша жерлендірілген желілерге, рәзеткі жағдайына (нөлдік сымды жерлендірілген кезде, бір тесіктің екіншісінен үлкен болуы) назар аударылады.

Аталған шаралар электро энергияны ұрлауын анықтауды және дәлелдеуді көмектеседі.

Опасыз тұтынушылар электро энергияны ұрлауға келесі себептерден бел буады:

· электро энергияның жоғары бағасы немесе қажетті қуаты;

· күзгі – қысқы мерзімде қаржының, немесе басқа техникалық құралдарының болмауы;

· электро энергияның заңсыз қолдануының жеңіл тәсілдері;

· өкінішке қарай, ұрлау әдет болуы...

Бүкіл жасырылған дүние ерте ме, кеш пе белгілі болады, бірақ көбінесе лезде емес.

Қолданыстағы электро энергетика саласындағы заңнамаға сәйкес энергия беруші ұйым бұзушылықтарды анықталған жағдайда қайта есептеу коммутациялық аппаратының (автоматтың) номиналды тогы тәуілігіне 24 сағатты пайдалануды есепке алып, КЕҚ соңғы рет ауыстыру немесе оны қосу схемасының соңғы аспаптық тексеру күнінен бастап, бүкіл уақыт ішінде анықталады, алайда ескеру мерзімінен (3 жылдан аспайды) аспауы қажет. Қайта есептеу соммасы қомақты, жобалап айтқанда жарты миллионнан бастап үш жарым миллионға дейін (коммутациялық аппаратының (автоматтың) номиналды тогы немесе техникалық шарттарға рұқсат етілген қуатқа сәйкес) жетеді.

Павлодар облысы бойынша анықталған бұзушылықтардың мысалдарын келтірейік:

2019 жылғы ақпан айында Я. азаматында электро энергияның коммерциялық есебі жүйесін тексеру барысында, энерго беруші ұйымның қызметкерлері тұтынушымен тоққабылдағыштың қабаттағы қалқанның кірме дестелі ажыратқыштан бөлек қосылуы анықтады. Тексеріс нәтижесінде, Я. азаматына тұтынылған электро энергияны 2 500 000 астам теңге сомасына қайта есептеуі жасалған және пәтерге электро энергия беруі тоқтатылған;

2019 жылғы наурыз айында Е. азаматында электро энергияның коммерциялық есебі жүйесін тексеру барысында, энерго беруші ұйымның қызметкерлері тұтынушымен коммерциялық есеп құралы тұрқының бұзылуын (дискіні механикалық тоқтату үшін тесік) анықтады. Тексеріс нәтижесінде, Е. азаматына тұтынылған электро энергияны 3 500 000 астам теңге сомасына қайта есептеуі жасалған және жеке меншік үйге электро энергия беруі тоқтатылған.

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен

бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша

аумақтық департаменті

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы