• Меню » Жаңалықтар » Электр энергиясын пайдалану ережесіне елеулі жеңілдіктер енгізілді!!! Әрбір тұтынушы не білуі тиіс?

Электр энергиясын пайдалану ережесіне елеулі жеңілдіктер енгізілді!!! Әрбір тұтынушы не білуі тиіс?

Жарияланған: 11.05.2020


2020 жылғы 23 ақпанда 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 электр энергиясын пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енді.

Тұтынушылар осы жеңілдіктерді қалай сезіне алатының ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті баяндайды.

Жоғарыда көрсетілген ережелерге нақты өзгерістер жеткілікті мөлшерде енгізілді, осы нақты бапта біз тұтынушыларға электр энергиясын беруді тоқтату немесе шектеу шарттары туралы әңгімелесетін боламыз.

Ереженің қолданыстағы редакциясында талап мерзімін қысқарту үшін (бұл туралы сәл кейінірек толығырақ айтамыз) энергия беруші ұйымдардың міндеттеріне коммерциялық есепке алу аспабының көрсеткіштерін алу кезінде жарты жылда бір рет жүктелініп, оны көзбен шолып қарауды жүргізуін міндеттелді.

Энергия беруші ұйым коммерциялық есепке алуды тексеру туралы еркін нысанда акт жасайды, пломбаның (таңбаның) немесе пломбалау құрылғысының болуын немесе болмауын, осыған құқығы бар ұйымның бастапқы немесе кезеңдік тексеру туралы шынының және коммерциялық есепке алу аспабының корпусының бүтіндігін, энергия беруші ұйым бұрын белгілеген орындарда энергия беруші ұйымның пломбалау құрылғысының болуын немесе болмауын белгілейді.

Тұтынушыға келіп энергия беруші (немесе) (энергия өндіруші) ұйымның өкілдері электр энергиясын коммерциялық есепке алу схемасын тексеру үшін, тиісті актіні ресімдейді. Бұл жағдайда, Акт энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым өкілінің және тексерілетін тұтынушының не оның өкілінің қолы болғанда ғана жарамды болып табылатыны өте маңызды. (Бұл жағдайда тұтынушы заңнамада көзделген тәртіппен уәкілеттік берген тұлға ғана өкіл бола алады). Акт тұтынушы қол қоюдан бас тартқан жағдайда да, бірақ оны энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың және бірлесіп басқару құрамында кемінде үш адам бар объектісін басқару органының (соңғысы болған жағдайда) комиссиясы ресімдеген жағдайда да жарамды деп есептелінеді. Практиканы ескере отырып, осы талаптарды бұзған жағдайда, жоғарыда көрсетілген актілер жарамсыз деп танылуы және сотта күші жойылуы мүмкін. Осы Ереже талаптары ескі редакцияда да қолданыста болды, бірақта Департамент практикасында тұтынушының осы норманы білмей отырғаны, энергия беруші ұйымдар заңсыз ажырату және қайта есептеу жүргізген жағдайлар болды.

Жаңа қағидаларға сәйкес, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым мына бұзушылықтар болғанда, тұтынушыға еркін нысанда бұзушылық туралы акт толтырады, оны ажыратады және қайта есептеу жүргізеді:

1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне өздігінен қосылуы;

2) электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабынан (бұдан әрі – КЕҚ) басқа электр энергиясының қабылдағыштарын қосу;

3) КЕҚ, ток пен кернеу трансформаторларын қосу схемасының өзгеруі;

4) КЕҚ дискісінің жасанды тежелуі;

5) КЕҚ көрсеткішін бұрмалайтын құрылғыларды орнату.

Қайта есептеу техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген электр қуаты бойынша, ал техникалық шарттар болмаған жағдайда, тәулігіне 24 сағатты пайдалануды есепке алып, қосу коммутациялық аппаратының қуаты бойынша жүргізіледі.
Қайта есептеу кезеңі КЕҚ соңғы рет ауыстыру немесе оны қосу схемасының соңғы аспаптық тексеру күнінен бастап бүкіл уақыт ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде анықталады. Бұрын біз талап қою мерзіміне ораламыз деп айтқан болатынбыз, сондықтан ескі Ережелерде техникалық шарттардың рұқсат етілген қуаты бойынша электр энергиясын пайдаланудың үш жыл ішінде, ал олар болмаған жағдайда тәулігіне 24 сағат пайдалану сағатын есепке ала отырып, кіріспе коммутациялық аппараттың номиналды тогы бойынша қайта есептеу жасалуы мүмкін. Әрине, бұл қайта есептеудің миллиондық сомасына әкелді.

Қайта есептеуге сәйкес есепке толық алынбаған немесе мүлде алынбаған электр энергиясының көлемі энергиямен жабдықтаушы ұйымның таратқан электр энергиясы көлеміне қосылады және тұтынушыға ағымдағы есептік кезеңде қолданылатын жіберу тарифі бойынша төлеуге ұсынылады.

Тұтынушы электрлік желіге схемадағы және электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарындағы бұзушылықтар жойылғаннан кейін және қайта есептеу төлемі мен қосылу үшін төлем өтелгеннен кейін қосылады.

Тұтынушының энергия беруші және энергиямен өндіруші ұйымның электр желілеріне өздігінен қосылғаны анықталса, акт жасалып, жеке меншіктілік құқығын иеленген сәттен бастап, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде нақты қосылған жүктеме бойынша пайдаланған электр энергиясының көлеміне қайта есептеу жүргізіледі.
Тұтынушы электр желісіне электр энергиясының схемасы мен есепке алу құралдарындағы бұзушылықтарын жойғаннан, қайта есептеу және электрмен жабдықтау шартын жасасу немесе электрмен жабдықтау шартына толықтырулар енгізу сомасы мен қосу сомасы өтелгеннен кейін қосылады.

Тұтынушы қайта есептеу төлемін мерзімде өтемеген, сондай-ақ толық өтемеген жағдайда немесе төлем өтеуден бас тартқан жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым, ал энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау шарты болмағанда, энергия беруші ұйым материалдарды сотқа тапсырады.

Құрметті тұтынушылар, департамент Сізден өз құқықтарын мен міндеттерін білу және жағымсыз жағдайларға түспеу үшін, жоғарыда көрсетілген ережелер нормаларымен мұқият танысуды сұрайды.

Энергия беруші ұйымдар тарапынан электр энергиясын заңсыз ажыратудың барлық мәселелері бойынша 8-(7182)-61-82-94 телефонға, pavlodar.kaenk@energo.gov.kz электрондық мекенжайға немесе Павлодар қ., Ак. Сатпаев к., 136- 505 хабарласуға болады.

ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау

мен бақылау комитетінің Павлодар облысы

бойынша аумақтық департаменті

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы