• Меню » Жаңалықтар » Елбасының атынан «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» атты жаңа жылдық шырша мерекесі өтті

Елбасының атынан «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» атты жаңа жылдық шырша мерекесі өтті

Жарияланған: 25.12.2018


     «Ертіс» қонақ үйінде 2018 жылғы 24 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті атынан жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. 
Мерекеге Баянауыл ауданынан 9-13 жас аралығындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы Айдар Романов пен Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Қарақат Самарова қатысты. Олардың ішінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары, оқуда, спортта, шығармашылық пен қоғамдық жұмыстарда жетістікке жеткен шәкірттер де бар. 
      Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының құттықтауын тыңдады. Ұлт көшбасшысы шәкірттердің оқуына жетістік тілеп, елімізге абыройлы қызмет етер азамат боп жетілу қажеттігін айтты. Облыс әкімі Болат Жұмабекұлы оқушыларға Елбасы атынан ноутбук пен «Назарбаевтай болғым келеді» атты кітабын сыйға табыстады.
      Мерекеде театрландырылған қойылым қойылды. Басты рөлдерді Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка драма театрының әртістері мен М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы тәрбиеленушілері мен педагогтары ойнады. «Жасдәурен», «Шабыт», «Дебют», «Блэйз», «Свет Звезды», «Арман-шоу», «Анастасия», «Айдарай», «Жұлдыздар» ұжымдары балаларға өз өнерлерін көрсетті. Жаңа жыл қарсаңында іс-шараға қатысушылар кинотеатрға, орталық алаңда орналасқан Павлодар облысының бас шыршасына серуенге барды.
Қатысушылар Жаңа жылдық шырша мерекесіне орай жайылған тәттілерге толы дастарханнан дәм татты.

М.Т.Шумақова

білім бөлімінің әдіскері

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы