«Елбасы жолдауы – жаңғыру жолы»

Жарияланған: 26.10.2018


Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебінде  қазан айының 22-і күні мектеп әкімшілігі және барлық мектеп ұжымы Қазақстан Республикасының  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы қазақ халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауымен танысып жан жақты талқылады.

         Жолдауда айтылған жалпы маңызды мәселелердің бәріне  тарих пәнінің мұғалімдері Д.А.Тлеубаева мен Б.А.Оспанов  тоқталып өтті. Жиналыс соңында мектеп директорының міндетін атқарушы Г.Б.Жұмабекова жолдаудың басты басымдықтарына назар аударып, жүктелген міндеттерді бірлесіп шешуге шақырды.

Қосымша білім беру педагогы:  Е.С.Алсейтов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы