Дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы!!!

Жарияланған: 09.07.2019


2019 жылғы 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.

Акция мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасылар және әлеуметтік қорғалмаған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша оқушыларды мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету. Олардың мектеп формасы, оқуға  қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау.

Осыған байланысты ауданның білім бөлімі жаңа оқу жылының қарсаңында көмекке мұқтаж балаларға демеушілік көрсетем деген мекеме басшылары мен аудан тұрғындарын қайырымдылық марафонына қатысуға шақырады.

Құрметті Баянауылдықтар, егер де әр түрлі себеппен мектепке бара алмай отырған балалар туралы мәліметті білсеңіз немесе мұқтаж балаларға  көмек көрсетіп өз үлестеріңізді қосамын десеңіздер ауданның білім бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Байланыс телефондары: 9-20-67, немесе: bayanaul_roo@mail.ru электронды поштаға жолдауға болады.

 

Білім бөлімі  басшысы                              А.Мүбәрак

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы