Дәстүр даналығы

Жарияланған: 12.07.2019


Е.Бекмаханов атындағы мектеп жанындағы «Балбұлақ» және Ақши мектебіндегі «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңының бүлдіршіндері ауылымыздағы Сарышоқы тауына барып «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» бойынша «Қазақ халқының дәстүр даналығы» атты сабантой ұйымдастырылды.

Бұл сабантойдың мақсаты: тәрбиеленушілерге халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, мәдениетін көрсету, достық пен келісім, тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты екенін, өз Отанымызды сүюге, құрметтеуге, даңқын асқақтатуға, салт-дәстүрімізді ұмытпай эстетикалық, патриоттық тәрбие беру. Жоспар бойынша «Сәлемдесу» салты, ұлттық ойындарымыздан «Асық ату», «Бес тас», «Ханталапай», «Арқан тартыс», «Атқа міну мәдениеті» атты іс-шаралар жүзеге асты.

Тау басына киіз үй тігіліп, бүлдіршіндеріміз ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, достық қарым-қатынаста селфи кезеңі өтті. Ауылымыздың Ермұқан мен Байтұрсын атты жігіттері, ұлдарымызға атқа міну мәдениеті бойынша түсіндіру жүргізілді.  Бүлдіршіндерімізбен бірге қазағымыздың қара домбырасымен ән шырқалды. Сабантой соңында оқушылар «Экокросс» акциясы бойынша табиғатты тазалады.

Жазғы сауықтыру алаңындағы әр күн өте қызықты әрі танымды түрде өтуде. Мұнда мектеп оқушылары Мерейім Төлеубай мен Әліби-Айтуған Тұрсынов лагерь бүлдіршіндеріне түрлі тәжірибелер көрсетіп, балалардың көңіл-күйін көтерді. Мерейім отты қолға күйдірмей жағу тәсілін көрсетіп, балаларды таң қалдырды. Шарды тесіп суды ағызбау секілді түрлі тәжірибелер жасалды.

Сонымен қатар, «Үштілділік – заман талабы» атты полиглот сайысы болды. Сайысты мектебімізге тәжірибе алмасуға келген Ақмарал Бейбітқызы мен Кәмшат Жақияқызы өткізді. Бұл сайыстың мақсаты – балаларды үш тілде еркін сөйлеуге үйрету. Сайыс мақал-мәтелді үш тілде жалғастыру, сондай-ақ үш тілде ән айту және жұмбақтың жауабын тауып, үш тілде жауап беру секілді кезеңдерден тұрды. Балаларға бұл сайыс өте ұнады. Сауықтыру алаңында үштілділік әлі де меңгеріледі, бұл секілді жарыстар әлі де жалғасын таппақ.

«Балбұлақ» жазғы сауықтыру алаңында өткен іс-шаралардың бірі – «Дос және достық әңгімесі». Бұл шараны мектебіміздің кітапханашысы, «Балбұлақ» жазғы сауықтыру алаңының тәрбиешісі Арайлым Шақманқызы өткізді. Шараның мақсаты – жазғы сауықтыру алаңының балаларына сауықтыру алаңында тату, мейірімді, бір-біріне қамқор, дос болуға тәрбиелеу. Шара балаларды шеңбер бойынша  ортаға шығарып бір-бірінің қолдарыннан ұстатып жылы сөздер айтумен басталды. Балалардан өздерінің достарының кім екені және ол досының мінезі туралы ойлары сұралды. Бұған балалар өте қызығып, достарымен мақтанып жауап берді. Балалараға өз достарының суретін салу тапсырмасы берілді, достарына арнап өздері тілектерін айтып, кейбіреулері өлең шумақтарын жолдады. Балалар әрдайым осы мінездерінен қайтпай қандай жағдай болса да, тату, адал, мейірімді, кішіпейіл болуға сөздерін беріп, қол алысты.

Жансая Ғинаят,
жас тіліші
Ұзынбұлақ ауылы.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы