Домбыра алаңы ашылды

Жарияланған: 17.10.2019


         Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде «Домбыра сабақтарын мектептерге енгізу қажет. Ұлттық құндылықтарымызды жастарымыздың санасына сіңіріп, насихаттау өте маңызды»,- деп атап өтті. 2019 жылғы 16 қазан күні  №2 жалпы орта білім беру мектебінде қазақтың ұлттық аспаптарын меңгерту,  балалардың  бойында халық шығармашылығына деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында мәжіліс залымызда «Домбыра алаңы» ашылды.

            1981 жылдың түлегі  «Самрұқ Қазына» АҚ «Энергетика» секторының басшысы  Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев «Домбыра сыйла» акциясына қатысып, 10 домбыраны мектебімізге сыйға табыстады. Стендтердің  жасалуына  2009 жылдың  түлегі  «Оксфорд» университетінің құрметті ғылыми қызметкері және Уорвик университетінің  инженерлік  факультетінің докторанты  Торғын Ерланқызы Шайхина  қаржылай көмек көрсетті.  Жалпы  «Домбыра  алаңын» ашуға 220 000 теңге қаржы жұмсалды.  

         Салтанатты түрде Домбыра алаңының ашылу мәртебесі Баянауыл аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Маржан Ержанқызы Хусаинова мен мектебіміздің директоры Шынар Ілдебайқызы Мұрсаловаға  берілді. Ақ жаулықты әжелеріміз қонақтарымызға арнап  шашу шашты.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра,- деп ақын Қадыр Мырзалиевтің жырлағанындай,  домбыра – ұрпақтан ұрпаққа бабамыздың көзіндей аманат болып  жеткен  бірден-бір асыл қазына демекші мектебіміздегі  домбыра үйірмесінің  жетекшісі өз шәкірттерімен бірге күй ойнап, өнерлерін  ұсынды.

Динара Арғынқызы Тілеубаева,

№2 ЖОББМ-нің директордың

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы