Дән ризамын!

Жарияланған: 30.07.2019


Жазғы демалыста балалардың белсенді демалысы мектеп жанындағы  жазғы сауықтыру лагерлерінде өтеді деп ойлаймын. Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беру мектебінде балалалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында жылда мектеп жанынан «Алау» жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылады.Міне, осы аталған лагерьге менің балаларым барады. Биылда балаларым осы лагерьде қызықты күндерін өткізді.

Мұнда әр күнде тақырыпқа сай «Әулиебұлаққа саяхат», «Жасыбай батыр»басына зиярат ету, «Қоңыр әулие»т.б қасиетті орындарға саяхат жасады, «С.Торайғыров», «Қ.И.Сәтбаев» «Д.Рахметов», «Зейтін Ақышев» мұражайларында болып, көп мағлұмат алғанын білеміз. Сабындыкөл жағасында«Таза көл»акциясын ұйымдастырып, балаларымызды табиғатты аялауды үйретіп, тәрбиелік шаралар жүргізілді. Ұлы даланың Жеті қыры бойынша саятшылық өнерін, атқа міну, аңға қалай құс салу дәстүрін көрсетті.

Бұл лагерьде ағылшын тілі топтары, шахмат, ұлттық ойын топтары, футбол, роботехника қарқынды жұмыс жасады. Бекітілген жоспарға сәйкес лагерь демалушылары күн сайын мәдени бөлімінде ұлттық би билеп, ән салса, ойын сағатында қозғалмалы ойын және ұлттық ойындар ойнап, жақсы көңіл күймен зор қызығушылықпен ұйымдасқан түрде аяқталды.

Балаларымның көңілді демалып жатқандығы жүздерінен көрініп тұрды.Үнемі лагерьден келгеннен соң әр күні қалай қызықты өткенін әңгімелеп береді. Балалардың демалуына барлық жағдайлар жасалған.

Бұл тұста балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосқан мектеп әкімшілігі мен ұстаздарының еңбектерін ерекше атап өтіп, жоғары бағалауға болады. Олар лагерьдің қызықты, көңілді өтуіне аянбай, шаршамай өз үлестерін қосқаны байқалып тұр.

Жетписбаева Индира Оразымбековна

Көп балалы ана

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы