Введите ваш запрос для начала поиска.

«Әдеби бал» ойыны

Жарияланған: 05.12.2018


«Кітабы жоқ үй – терезесі жоқ үймен тең» деген екен бір ғұлама. Кітапсыз өмірді елестету мүмкін емес. Мектептің рухани азығы – кітапханада.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 кітап» жобасы және республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы  бойынша мектебіміздің кітапханашысы Идрисова Динара Дәулетқызының ұйымдастыруымен «Әдеби бал» танымдық ойыны өтті. Оқушыларға Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы бойынша мәлімет беріліп, жазушы өмірінен мағлұматтар айтылды. Ойынның алғашқы кезеңінде роман үзінділері жазылған қағаз қиындыларын құрастырса,  келесі кезеңде «100 кітапқа» енген кітаптардың аттары мен авторларын біріктіріп,  кітаптарды жинақтап шықты.

Ойынға оқушылар үлкен қызығушылықпен атсалысты. Бір қызығы жасырылған кітап атауларын оқушылар қиналмай таба білді, яғни оқушылардың кітапхана көрмесіндегі кітаптарды оқитындықтарын байқатты. Келешекте кітапханашы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша оқылуы тиіс кітаптар бойынша ойындар өткізетіндігін айтып, оқушыларды кітаптарды оқуға ынталандыруды да ұмытпады.

                                                Қаражар ауылы.

Мұрсалова А.І.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы