БЖТ: жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Жарияланған: 14.05.2020


Төтенше жағдай жарияланған кейін біздің елімізде кірістерінен айырылуына байланысты 42500 теңге мөлшерінде жәрдемақы қарастырылды. Төлемдерді тағайындаудың негізгі шарты әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу, оның ішінде БЖТ төлеу арқылы,болып табылады.

Осыған байланысты тұтастай республика бойынша БЖТ төлеушілері 85 мыңнан (2020 жылғы 1 сәуірге дейін төлеген) 1,8 миллионға дейін өсті. Осыған ұқсас, Павлодар облысы бойынша БЖТ төлеушілер санының сәуір айының 23 күнінде 6 еседен астам өсуі байқалды. Егер 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыста 4363 төлеуші болса, 23 сәуірдегі жағдай бойынша 28 250 адам.

Біз, әрине, адамдар БЖТ төлемін жүргізу арқылы МӘМС жүйесінің қатысушылары болағанын құптаймыз. Алайда, МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу үшін (сақтандырылған адам мәртебесін алу үшін кемінде 3 ай) төлемдерді тұрақты түрде жүзеге асыру қажет.

Жеке кәсіпкерлік ретінде қызметтен табысы жоқ азаматтардың бірқатар сұрақтарына жауап бергім келеді.

БЖТдегеніміз не және не үшін?

Жеке кәсіпкер мәртебесін алмай табыс көзін тауып жүрген тұлғаларды салық органдарында тіркеудің оңайлатылған тәртібі. Осы санатқа кімді жатқызуға болады: мысалы, үйде тігінісі мен айналысатын, жеке ауладан немесе жеке тасымалдаудан, жүктерді тасымалдаудан, механизмдер мен құралдарды және т. б. пайдаланудан табысалатын азаматтар. Осыны негізге алсақ,  тек жеке тұлғағана БЖТ төлеуші бола алады. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудыңқатысушысы болу, яғни  МӘМС жүйесінде тегін медициналық қызметтерді алу мүмкіндігіне құқық береді.

Неге төлеу қажетжәне несі мен үшін пайдалы?

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу:

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болу;

- жеке зейнетақы жинақтарымен зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға мүмкіндік береді;

- еңбек ету қабілетінен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік пен босану, бала асырапалған, 1 жасқадейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар алуға;

Не үшін төлеймін, қандай төлемдер?

БЖТ  төлемдердің төрт міндетті түрін біріктіреді:

- жеке табыссалығы (ЖТС);

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;

- БЖЗҚ зейнетақы жарналары;

- міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына жарналар.

Төлем мөлшері?

2020 жылы бірыңғай жиынтық төлемнің ай сайынғы мөлшері:

- Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін-1 АЕК, 2 651 теңге;

– Басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін-0,5 АЕК, 1326 теңге.

Қашан аудару керек?

Әр ай сайынғы табыстан.

Бұл міндетті төлем бе және санкциялар мен айыппұлдар бар ма?

Жоқ, бұл ерікті төлемдер, сондықтан салық органдары тарапынан ешқандай санкциялар қарастырылмаған.

БЖТ төлеудің қолайлы да оңай қалай жүргіземіз?

Kaspi Bank мобильдік қосымшасы арқылы. Еңсенімді және тексерілген әдіс.

Төлемді басқа адам үшін де ұялы қосымшадан жасауға болады. Тек ЖСН ғана талап етіледі және жүйе төлемаймағы мен сомасын автоматы түрде анықтайды.

Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесінде немесе "Қазпошта" КЕАҚ-да келесі деректемелер бойынша төлеуге болады:

KZ92009MEDS368609103

БСН 160440007161

БСК GCVPKZ2A

Жұмыс беруші үшін ТТК-121;

ЖК және ФЛ ГПД – 122 үшін ТТК;

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер үшін ТТК-183.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін барлық азаматтар шартты түрде сақтандырылған деп есептеледі және медициналық көмекті толық көлемде ала алады.

Жеңілдікті кезең ішінде азаматтар өзінің сақтандырылушылық мәртебесін анықтап, жарналар жасап, МӘМС қатысушысы болуы керек.

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы