Введите ваш запрос для начала поиска.

"Бұрымды қыз"

Жарияланған: 30.11.2018


Шадыра мектеп-балабақша оқу-тəрбие кешенінде "Бұрымды қыз" атты апталық аясында мектеп тəлімгері Толғанай Рымбайқызының ұйымдастыруымен  қыздар арасында байқау өтті. Байқауды өткізудегі мақсат: аруларымызға ұмыт болып бара жатқан ұлттық төл мəдениетімізді қайта тірілтіп, салт-дəстүрімізді жаңғырту, қазақ қызының бойындағы əдептілік,көріктілік,инабаттылық , кішіпейілдік секілді қасиеттерін таныта білуге жəне де өзін-өзі ұстай білуге тəрбиелеу.

      Қазақ қызы десе, бойында ұяңдық бар,сұлу жүзді,қос бұрымды,ибалы да инабатты жан елестейді. Сылдырлаған шолпысы мен сыңғырлаған күлкісі қазақ қызының бойындағы əдептілік қасиетін сездіреді. Осы айтылған теңеулерді басшылыққа ала отырып,қатысушыларымыз талапқа сай,апта бойы керемет шаш үлгілерін жасай білді. Байқауда қыздардың шаш қалыңдықтары мен ұзындығы ескерілді. Сондай-ақ əр қатысушы шаштарын қалай аялап күтетіндіктері жайында сырларымен бөлісіп,шаш күтімінің жаңа қырларын танып білді. Байқау барысында қыз балалар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып , жауап алды.

    Нəтижесінде жеңімпаз атанғандар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды."Ең үздік шаш үлгісі" номинациясымен 6-сынып оқушысы Дүйсекеева Диляра жəне "Ең сүйкімді қыз"  номинациясымен 7-сынып оқушысы Маликова Даяна мен Олжатай Ақерке марапатқа ие болды.

     Қыздың көркі - шаш болғандықтан, табиғат берген көркімізден айырылмай, айнымай жүрейік. Елімізде шолпысы сыңғырлаған, бұрымын бағым деп бағалайтын бұрымдылар көбейе берсін демекпіз!

Жас тілші

Қали Роза

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы