Болашақ бағы – 2018 «Бір тал кессең, он тал ек»

Жарияланған: 11.09.2018


Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебінде 1 сынып оқушыларының аллеясының ашылу салтанаты өтілді. Іс-шара Павлодар облысының «ЭКОБУМ» бағдарламасына сәйкес өткізілуде.

      Мұндағы мақсатымыз – оқушылардың, ата-аналардың педагогикалық ұжымның бірлескен көгалдандыру жұмыстары арқылы еңбек, рухани-адамгершілік дамуы негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Аталған іс-шараға 1 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Салтанатты жиынды мектеп директоры Ш.И.Мурсалова ашып, оқушыларға сәттілік тіледі. Ол өз тілегінде: «Осы отырғызылған әрбір ағашты 11 жыл бойы күтіп-баптап өсіріңдер, Жер-Ананы сақтаңдар» деп жылы лебізін білдірді. Ата-аналар ашылу салтанатының лентасын қиып, барша бүлдіршіндерімізге, келген қонақтарға сәтітілік тіледі. Оқушылар: «Ұстаздардың ақ үмітін ақтаймыз, Жер-ананы күтіп, баптап сақтаймыз!»-деп, өз ойларын ұрандатып жеткізді. Ата-аналар мектеп әкімшілігіне өз алғыстарын білдіріп, 1 сынып оқушылары жақсы көңіл-күймен тарасты.

                      Даярлық тобының мұғалімі  Динара  Курманжанова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы