• Меню » Жаңалықтар » «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар алу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жарияланған: 06.08.2019


Конкурстың ұйымдастырушысы: «Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ


Орналасқан жері: Павлодар қаласы

Пошталық мекенжайы: Астана көшесі, 61

Байланыс телефоны: 8 (718) 78-78-18, 78-78-19.


Конкурстың мәні: «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға мемлекеттік гранттар (жеке бизнесін құру үшін) ұсыну.

Конкурстың түрі: ашық конкурс.


Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс беру орны: Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61 каб. 101А


Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын көрсетілген мекенжай бойынша өзі келіп, поштамен немесе өзінің өкілетті өкілі (өкілге берілген сенімхат болған жағдайда) арқылы (қосымшаға сәйкес) ұсынады.


Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 жылғы «8» тамыздан бастап, 2019 жылғы 14 тамызға дейін, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:30-ға дейін (жергілікті уақыт).


Өтінім берудің басталудың күні мен уақыты: 2019 жылғы 8 тамыздан 10:00 сағаттан бастап (жергілікті уақыт).


Өтінім берудің аяқталудың күні мен уақыты: 2019 жылғы 14 тамызға 17:30 сағатқа дейін (жергілікті уақыт).


Мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарлама және конкурстық құжаттама туралы http://www.almaty.upp.kz , http://almaty.atameken.kz , http://www.damu.kz сайттарында танысуға болады.

Құжаттар тізімі

1) Осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім, ол бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталында орналастырылатын болады;

2) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

3) Өтініш берген күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқытығы туралы анықтама;

4) Басшысының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру сәтіндегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама ( бар болса);

5) Бизнес-жоба;

6) Кәсіпкерлердің бағдарламаның және (немесе) өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын;

7) Кәсіпкерлердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

8) 8 кәсіпкер атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген өкіл паспортының көшірмесі (заңды тұлға атынан-заңды тұлға растаған).


«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру

1. Мемлекеттік гранттар:

- Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;

- Ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге;

- Ісін жаңадан бастап жатқан жас кәсіпкерлерге;

- Әйелдерге, мүгедектерге және 50-ден асқан тұлғаларға беріледі.

2. Грант қаражаттарын алу мақсаты:

- негізгі жабдықтар мен материалдар алу;

- материалдық емес активтер алу;

- технологиялар алу;

- франшизаға құқық алу;

- зерттеу жұмыстарымен, жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындар.

3. Ерекше жағдайлар

- гранттың ең жоғарғы сомасы 3 000 000 теңгеден аспауы тиіс;

- берілген грант сомасының 10%-ы кәсіпкермен бірлесе қаржыландырылуы тиіс;

- грант қаражаттары жылжымайтын мүлік, жер телімін сатып алу және жалға алу төлемі ретінде пайдаланылмайды;

- бизнес-идея жаңалықтары (мүгедектерге қолданылмайды).

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы